№43499
Тұлпардың соңғы тұяғы
Қытайда тұратын қазақтың даңқты жазушысы, Қытай Мемлекеттік сыйлығының иегері Оразқан Ахметтің «Тұлпардың соңғы тұяғы» ойы оқшау, бітімі бөлек туындыларының бірі. Көптеген роман, хикаят, әңгімелер жазған; шығармалары қытай, корей, ағылшын, араб, жапон секілді оннан аса тілге аударылған қаламгердің бұл туындысын кейбір сыншылар «Оразқан Ахметтің ең үздік шығармасы» деп те атайды. Енесі өлген құлын есекті еміп өседі... Кейін оның бойынан жылқы малына жат оқыс мінез байқалады. Жазушы осы оқиғаны жеріне жеткізе суреттеген. «Қағынан жеру» ұғымын, өз болмысынан ажырау процесін, махаббат пен ғадауаттың, ақ пен қараның арасындағы қарым-қатынасты өмірде болған шынайы оқиға арқылы суреттейді. Кітап жалпы оқырманға арналған.

Өлшемдері: 20см x 10см x 3см.
Салмағы: 300 грамм.
Беттер саны: 144

3.600₸


Менеджерге жазу