№91747
Менің өмірім. Бодандықтан - бостандыққа
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев — елдік жолында ірі із қалдырған, ел тарихында және әлемдік саясатта өзіндік орны бар тұлға, осы заманғы Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы. Мемлекет басшысы қызметін отыз жыл бойы атқара жүріп, ол егемен Қазақстанды құру ісіне, туған елін өркениет биігіне көтеруге бөлекше үлес қосты. Саясаткер өзінің мемуарлық кітабында бүкіл өмір жолын әсерлі әңгімелейді, тәуелсіздік тарихының бел-белестерін бейнелі түрде көрсетеді, осы жолдағы жетістіктер мен кемістіктердің сыр-сипатын ашып айтады. Өткен өмірдің өрелі өнегесі мен ащы сабақтары жайында шынайы сыр шертеді. Тарихтың тар кезеңінде тәуелсіздік туын тіктеп, елді бодандықтан бостандыққа бастау бақыты бұйырған тұлғаның соқтықпалы, соқпақсыз тағдыры туралы терең толғаныстары қай буынның оқырмандары үшін де тағылымды екені талассыз.

Өлшемдері: 245см x 170см x 40см.
Салмағы: 1000 грамм.
Беттер саны: 696

10.000₸


Менеджерге жазу