№62799 “Абай жолы” 1-том Бұл кітапта М.Әуезовтің қазақ ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының өмірін жаза отырып, сол кездегі ел тарихын тұтастай қамтыған "Абай жолы" романының 1942 жылы шыққан алғашқы, цензураға ұшырамаған түпнұсқасы берілген. Мұнда ақын-жазушылардың есімдері, өлеңдері өзгертілмеген. Кейінгі нұсқалардан түсіп қалған кейбір оқиғалар сол қалпы берілген.
Романда ақынның балалық, жастық шағы, тұлға, ақын ретінде қалыптаса бастау кезеңдері туралы жазылған. "Абай" деген атау- мен жарық көрген бұл шығарма кейін "Абай жолы" эпопеясының бірінші томына айналды.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Өлшемдері: 20см x 13см x 9см. Салмағы: 500 грамм. Беттер саны: 400