№46489
Балаға жүрек жылуы
Кітап авторы В.А. Сухомлинский (1918 – 1970) – аса көрнекті Кеңес педагогы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, Украина КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі.
«Балаға жүрек жылуы» – сан жылдардан бері педагогтар мен ата-аналардың махаббатына ие болған, педагогикалық әдебиеттер арасында аса құнды кітаптардың бірі.

Автор бұл кітабында бала тәрбиесіндегі ғылыми-теориялық проблемаларды алға тартып, оның шешімін көрсетеді. Сондай-ақ тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған шәкірттеріне бастауыш бітіргенге дейін қоршаған ортамен қалай етене араласуды үйреткенін, білім нәріне қалай ден қоюға көмектескенін, ақыл-ой қабілетін оятып, адами келбеттерін қалыптастырып, жақсылыққа сене білуге, өмірді сүйе білуге қалай баулығаны жайлы жазады. Кітапты оқыған жан «бақытты адам» тәрбиелеп шығудың бар қыр-сырын меңгереді.

Кітап бала тәрбиесіне қызығатын жалпы оқырманға, ата-аналар мен
шәкірт тәрбиелеп отырған барша ұстаздар қауымына арналған.


Салмағы: 300 грамм.
Беттер саны: 375

6.500₸


Менеджерге жазу