№59748 Жабайы алма – Сайын Мұратбеков Сайын Мұратбеков әйгілі жазушы болған кезінде қала сыртындағы саяжайына барып, жазу жазады екен. Күз келгенде көршісінің жері мен екі ортада өсіп тұрған жабайы алма ағашының алмасын жинайтын көрінеді. Алманың небір тәтті түрлері өсетін Алматының баурайында ашқылтым дәмі бар жабайы алманы ешкім керек қылмайды ғой, жазушының көршісі де өз ауласына түскен жабайы алманы термейді екен. Сайын оларды да сұрап алып, жинап – теріп үйіне алып келеді екен. Неге өйтесің деп сұраған жұбайына «бала күнімізде қарнымыз ашқанда осы жабайы алманы жеуші едік, қазір бір жерден көрсем , бала күнгі досымды көргендей боламын, тастап кете алмаймын » деп жауап беріпті.
Ауыр балалықтан қалған әсерді сейілтіп, ішті босатып, көңілде беріш боп қатып қалған жарақаттарды жазу үшін жазылған шығарманың бірі, әрі көркемдік жағынан басқалардан шоқтығы биік тұратыны – осы «Жабайы алма».
Өлшемдері: 15см x 10см x 3см. Салмағы: 230 грамм. Беттер саны: 573