№73321 Жекпе-жек – Бердібек Соқпақбаев Қарағайдың қарсы біткен бұтағындай болмысы бар Бердібек Соқпақбаев жас оқырманның бойындағы жігерді жанып, күш бітіретіндей шығарма жазып кеткен, ол «Жекпе-жек ». Бұрынғы атауы «Он алты жасар чемпион». Автор өзі батыл да тәуекелшіл, шымыр да епті адамтұғын, бірақ заманның қиын кезінде өскен соң спортпен айналысатын мүмкіндігі болмаған. Оны біз «Балалық шаққа саяхат» повесінен білеміз. Жазушының осы арманы қолыңыздағы кітап арқылы орындалғандай көрінеді. Әрі қоғамды жақсарту үшін осындай да істер жасауға болады, күресуге болады деген ишарасы да анық байқалып отырады. Ол да болса Бердібектің іште жатқан үлкен бұлқынысының көрінісі болса керек.
Өлшемдері: 10см x 8см x 2см. Салмағы: 100 грамм. Беттер саны: 196