№71618 Үйтілген байпақ – Балтабай Әділов Балтабай Әділов – Қарақалпақстанда туып-өскен қандасымыз. 1993 жылы Қазақстанға көшіп келіп, балалар басылымында қызмет істеген. Кішкентай достарына арнап жазған әңгімелеріне “Әділ Балта” деп қол қойып, сол атпен көпшіліке танылған.
Тоқсаныншы жылдардың ортасынан бастап екі мыңыншы жылдардың аяғына дейінгі аралықта балаларға арналған газет-журналдарды оқып өскен, бүгінде есейіп кеткен оқырман Әділ Балта деген есімді жақсы біледі. “Ай сайын келетін басылымды қолға алған бойда, парақтап отырып Әділ Балтаның жазғанын тауып алып, оқып шыққанша асығушы едік” деп еске алатындар көп.
Бұл – Әділ Балтаның балдырғандарға арнаған әңгімелерін бір жерге жинақтаған бірінші кітап.