№37751 Арпалыс – Александр Бек Бұл шығарманың басты кейіпкерлері — Панфилов дивизиясындағы жеке батальонның жауынгерлері. Батальонды ұлты қазақ, комбат — Бауыржан Момышұлы басқарады. Бұрынғы артеллерист, батарея командирі, жаяу әскерлер батальонын басқарып көрмеген Бауыржан үшін 1941-ші жыл әскери шеберлігін шыңдау мектебі болды. Оған өз сарбаздарының тағдырын шешуге, жан-жақтан жиналған әр алуан адамдарды өз ырқына бағындырып, бәрінің басын біріктіріп, жұмылған жұдырықтай етуіне тура келеді. Қорғана жүріп, тайсалмай шайқасуы нәтижесінде Момышұлының батальоны Панфилов дивизиясындағы резервтік күшке айналады және жаудың күш-қуатын мейлінше әлсіретіп, оның Волоколамск ауданынан Мәскеуге шабуылдауын тежей тұруға жауынгерлік тапсырма алады. Адамдар шығыны мен майдандағы күрделі ахуалға қарамастан, батальон берілген тапсырманы абыроймен атқарып шығады.