№38399
Балалық шақ – Шыңғыс Айтматов
Шыңғыс Айтматовтың шығармалары қазақ тіліне уақытында әрі сәтімен аударылып отырған. Оның алғаш рет көзге түскен туындысы «Жәмила» да Мұхтар Әуезовтің қолдауымен сыйлыққа ілінді, содан бері аудармашыларымыздың назарында болып, бертінде жазған «Таулар құлағанда», «Кассандра таңбасына» дейін қазақшаланды.
Бірақ Айтматовтың атынан шыққан бір кітап аударылмай қалған екен. Өйткені ол Айтматовтың көзі тірісінде қағазға түспей қалған кітап. Яғни жазушының ауызша айтып берген, кассетада жазылып қалған әңгімелері. Еуропада жүрген кезінде өзінің шығармаларын неміс тіліне аударған аудармашысы Фридрих Хитцерге бала кезі туралы ұзағынан әңгімелеген екен. Шыңғыс Айтматов дүние салған соң жары Мәрия мен әңгімені үнтаспаға түсірген аудармашы Фридрих екеуі қағазға түсіріп, алдымен неміс тілінде, кейін қырғыз тілінде кітап етіп шығарған. Айтматовты өз ұлындай көретін қазақ елі ізінше қазақшаға тәржімалаған.


Беттер саны: 131

1.800₸


Менеджерге жазу