№25144 Кемел адам Автор Қайрат Жолдыбайұлы бұл кітабында жан-жақты жетілген идеалды адамның қасиеттері мен ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оқырманын “кемел адам” болуға шақырады. Кітаптың бірінші бөлімінде кемелденудің психологиялық кедергілері түсіндіріліп, түйіні тарқатылса, екінші бөлімде тән сау- лығының маңыздылығы, денсаулықты күтудің жолдары мен жай-жапсары баяндалады. Үшінші бөлімде уақытты тиімді пайдалану және жоспарлау тәсілдері мен тетіктері берілген. Төртінші бөлімде қаржылық сауаттылық жайлы түсіндіріліп, тапқан табысты нәтижелі жұмсаудың бағыт-бағдары айтылады. Ал бесінші, алтыншы бөлімде эмоциялық зерде, яғни байсалдылық танытып, көңіл-күй, сезімдерімізді басқару тәсілдері мен қарым-қатынас қағидалары жан-жақты түсіндіріледі. Әр бөлім мысалдар және рухани ұстын, қағидалармен бекітіліп отырады.
Өлшемдері: 20см x 13см x 3см. Салмағы: 600 грамм. Беттер саны: 374