№24142 Батпақтағы бақытты ел 1939 жылы КСРО Финляндияға соғыс ашты. Екінші дүниежүзілік соғыстың негізгі кейіпкерлерінің бірі болайын деп отырған КСРО қыс бойы соғысып кіп-кішкентай Финляндияны ала алмай, бейбіт келісімге келуге мәжбүр болды. Финляндия өзімен санаспаса болмайтын ел екенін көрсетті. Одан бергі уақытта да фин мектептері әлемге үлгі болып, ғылым мен технологиясы да төрден орын алған елдермен терезесі теңесіп, күрт дамығанын білеміз. Тіпті 2018 жылғы БҰҰ баяндамасына сенсек, Финляндия әлемдегі ең бақытты ел екен. Бірақ осының бәрі бірнеше ғасыр бойғы тұрақты дамудың нәтижесі емес еді. XIX ғасырда ғана, яғни КСРО-ға қарсы соғысқан фин жауынгерлерінің аталары өмір сүрген уақытта ғана Финляндия ең артта қалған елдердің бірі еді. Егемен ел болып көрмеген, әуелде Швецияның, кейін Ресейдің бодандығында өмір сүрген, ғылым мен өнерден, кәсіптен мақұрым, қараңғы ел болатын. Өзінің тұрған жері де жайсыз: жері батпақ, аспаны бұлтты, күні суық. Онда қалайша қысқа уақыттың ішінде осы салалардың бәрінде алдыңғы қатарлы ел болып шыға келді? Кітап осы туралы.
Өлшемдері: 20см x 13см x 2см. Салмағы: 300 грамм. Беттер саны: 243