№28137 Оба Нобель сыйлығының иегері Альбер Камюдің пәлсапаға құрылған терең ойлы шығармаларын миыңызға салмақ салмай оқу мүмкін емес. Бұл кітабын да оқи отырып, Камюдің тереңіне сүңгіп кетесіз. Романның оқиғасы 1940 жылдары Алжир жағалауындағы Оран қаласында халықты қырғынға ұшыратқан оба індетінен аман қалған куәгердің естеліктерінен құралады. Шығармада автор өмірдегі шындық пен келеңсіздікті, бітіспес күресті, адамзат басына төнген қайғы-қасіретті сөздің күшімен оқырман жүрегіне жеткізеді.