№89332 Робинзон Крузо Александр Селькирк есімді ағылшын теңізшісі Тынық мұхитында жүзіп келе жатқанда капитанымен ренжісіп қала берген соң, кезекті бір жанжал кезінде қызбаланып, өзін адам тұрмайтын аралға тастап кетуін өтініпті. Капитаны да қатыгездеу адам екен, Селькиркті Мас-а-Тьерра деген аралға тастап кетіпті. Қайсар тенізші сол аралда төрт жыл тұрған. Кейін ағылшын кемесі тауып алып, өркениетке қайта алып келген.
Келген соң Селькирк аралда өткізген күндерін қызықты етіп баяндап жүреді екен. Көп тыңдаушысының бірі жазушы Даниэль Дефо болғанға да ұқсайды. Ол өзі де өмірде көп киындық көріп, жанкешті адамның арпалысы мен күйзелісін жазуға дайын жүрген кезі екен. Осылайша әйгілі «Робинзон Крузо» романы туған.
Тағы бір деректер бойынша, XVII ғасырда жазылған «Робинзон Крузо» XII ғасырда жазылған «Хайй ибн Якзан» деген романға қатты ұқсайды. Оны Испанияда өмір сүрген ибн Туфайл есімді мұсылман кісі жазған. Ал Дефодан кейін туған осыған ұқсас шығармаларды әдебиеттануда робинзонада деп атап кетті.