№36729 Одиссейдің басынан кешкендері Аты аңызға айналған ақын Гомер жырлаған «Одиссея» дастанының оқиғалары мен кейіпкерлері түркі халықтарына ортақ «Алпамыс батыр», «Манас» сынды батырлық жырларда, тіпті «Қорқыт ата» аңыздарында кездеседі. Қазақ эпостарындағы қаһарманның жорыққа аттанып, сын-тегеуріндерден өтіп, өз қалыңдығының тойына бөтен адамның кейпінде оралуы секілді сарындар Одиссейдің басынан кешкен оқиғаларымен мазмұндас. Бұл ұқсастық көне грек тілінде жазылған мәшһүр поэманың түркілік дүниетаныммен де ортақ тарихи әрі рухани байланысы бар екеніне меңзейтіндей.
Тарихи жаңғырығы темір дәуірінен де терең қойнаудан жеткен осынау жалпы адамзатқа ортақ мұраның прозалық нұсқасын қазақ тілді оқырманның дүниетанымына, көркемдік ойлау жүйесіне сай шебер аудара білген жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбек.