№23485 Адамзаттың бәрін сүй «Шын хәкім, сөзің асыл баға жетпес» деп Мағжан жырлаған Абай мұрасының басылым тарихында біз бірнеше рет таңба алмастырып, жазу өзгерісін бастан кештік. Бұл Абай өлеңдерінің мән-мазмұнына түрлі деңгейде әсер етпеді дей алмаймыз. Абай шығармашылығы — қай қазақтың болмасын бас қойып, қанып ішер рухани бастау бұлағы. «Қазақтың бас ақыны» атанған хәкімнің өлеңдері өзінің құндылығын ешқашан жоғалтпақ емес. Осыған орай баспамыз назарларыңызға ұлы ақынның таңдамалы жинағын ұсынып отыр. Кітап барша оқырман қауымға арналған.
Өлшемдері: 18см x 11см x 1см. Салмағы: 200 грамм. Беттер саны: 214