№24842
Қажымұрат
«Тізерлеп өмір сүруден тік тұрып өлгенді» тәуір көретін тау халықтары туралы әдебиетте аз жазылмаған шығар. Бірақ, олардың қай кайсысының да, әлі күнге дейін барша әлем оқырмандары жата жастана оқитын Толстойдың «Қажымұратынан» бәсі жоғары дей алмайсыз. Иә, өзі отаршыл елдің ұланы бола тұра шығармашылығына шындықты арқау еткен абыз жазушы «Қажымұратта» арлы батырдың асыл қасиеттері шебер сомдалған.

Қажымұрат – тарихи тұлға. Ширек ғасыр орыспен тірескен имам Шәмілдің жаужүрек серiгi. Ажалы орыстардан болған сардардың бассүйегі бүгінде Кунсткамераның коймасында екен. Алайда, Толстой сомдаған сайыпқыран Қажымұраттың образы күні бүгінге дейін әлем сахналарында кино да, спектакль де болып қойылып, опера да болып шырқалып келеді. Орыс режиссері Георгий Данелияның: «Менің ең сүйікті кітабым Толстойдың «Қажымұраты». Кейіпкерлері күндіз ойымнан, түнде түсімнен шыкпайды» дегені тәрізді ұлы туындыға тағзым толастамақ емес.


Беттер саны: 186

2.000₸


Менеджерге жазу