№39554
Тұлғалар өміріндегі Ислам ІІ-том
Әр тұлғаның өмір тарихын жазу барысында денем бір ысып, бір суынды. Олармен тағдыр тауқыметін бірге кешкендей әсерде болдым. Әлихан Бөкейханды жазардан бұрын ол туралы жинақталған 10 том кітапты шолып шығып, ағасын Смахан төремен бірге жоқтаған едім. Кейін Мәскеу қаласындағы Әлиханның қабірін зиярат ету мүмкіндігі бұйырды. Ал Ахметтің адалдығы оқыған сайын тәнті етпей қоймайды. Құранның 13 парасын жатқа білген Сұлтанмахмұт ше, «Алашорда партиясының молдасы» атаған Ғұмар Қараш ше? Ұлты үшін ақтық демі қалғанша күресіп, сонау Парижден бірақ шыққан М.Шоқай ше? Биліктен кеткенде үйінен басқа артық дүниесі болмаған, кеңестік басшылардың бірі болса да жұма намазға қатысып тұрған Д.Қонаев ше? Оның өмірін оқып жақсылыққа құмартпай көр! Тұлғалардың қай-қайсысын алсаң да, әрекеттері тек сүйсінтеді, үлкен ерліктер жасауға шабыттандырады.

Өлшемдері: 22см x 15см x 2см.
Салмағы: 200 грамм.
Беттер саны: 245

3.500₸


Менеджерге жазу