№63169 Нәзіктік - мен тапқан бақыт Тележүргізуші, журналист Маржан Болатханқызы бұл кітабында нәзіктік арқылы өз бақытын қалай тапқанын өмірінен мысалдар келтіре отырып, шебер баяндайды. Кітапта жазушының жан сыры, тұлға болып қалыптасуы, жұбайымен таныстығы, отбасылық өмірде қателік жіберген тұстары мен оны тығырықтан алып шыққан амалдар туралы жазылған. Автор еркекшора қыздан нәзік келіншекке айналу арқылы тапқан бақытының қаншалықты тәтті, баянды екенін барша қыз-келіншектермен бөліседі. Жай ғана бөлісіп қоймай, оларды әйел табиғатын тереңірек тануға, нәзік болмысын жоғалтпауға шақырады. Өйткені, отбасы бақытының кілті – әйел нәзіктігінде. Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Өлшемдері: 20см x 13см x 2см. Салмағы: 200 грамм. Беттер саны: 160