№38849 Жабайы алма Сайын Мұратбеков өзінің балалық шағын, соғыстан кейінгі тұрмысты көп жазған жазушы. «Жабайы алма» да – сол қатардағы шығарма. Жалпы тақырып соғысқа қатысты болғанымен, негізгі өзегі – жақсылық пен жамандық, адалдық пен әділдік. Повесть қандай жағдайда да адамгершіліктен айнымауды, тағдырдың қатал сынына мойымауды насихаттайды.