№74356
Мөлдір махаббат
Сәбит Мұқановтың бұл романы соғыстың ауыр кезеңінде бүр атқан мөлдір махаббатты бейнелейді. Бүркіт еркекшора өскен Бәтеспен алғаш рет танысқанда, оны Сыр бойында тұрған шағында бірер жыл қолында асыраған киіктің лағына ұқсатады. "Бәтестің мінез-құлығы сол киіктің лағына ұқсады: өз ырқым болмаса, басқалардың ырқына көнбейтін мені ол бұйдалы тайлақтай жетелеп, ойына алғанын орындатады да жүреді, мен оның ешбір бұйрығынан бас тарта алмаймын" деп келтіреді жазушы кейіпкердің күйін. "Бәтеспен бірге жүріп, бірге тұрған күндерде байқасам, мен оны жандай жақсы көруім, мысалы, шешенің баласын, ағаның қарындасын сүюі сияқты, күнәсіз сүюлердің біреуі сияқты емес, жігіттің қызды сүюіндей "күнәлі" сүюлердің біреуіне ұқсайды. Осылай сүюімді сезіне бастаған мен өзімнен өзім жүріп жатам да қысылам!" дейді Бүркіт тағы да. Одан кейін Бәтестің бетіне бір қарауға ұялады. Неткен ұятты махаббат! Неткен қадірлі, биік сезім! Бірақ Бәтес атастырылып қойған еді. Бүркіт пен Бәтестің алғаш рет сүйісіп тұрғанын бойжеткен атастырылған жақтың туысқаны көріп қойып, жағдай ушыға түседі... Ар жағын өзіңіз оқыңыз! Тыңдаңыз!

Өлшемдері: 20см x 13см x 1см.
Салмағы: 200 грамм.
Беттер саны: 520

2.700₸


Менеджерге жазу