№58482 Тастамашы, ана! Бұл кітапта башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметов ата-анасынан айырылған жетім балалардың аянышты тағдырын баяндайды. Балалар үйіндегі ұл-қыздардың өмірі қарапайым, оқырманға түсінікті тілде суреттеледі. Жазушы бас кейіпкер Ілиястың жан дүниесін ашу арқылы бүгінгі қоғамның бет-бейнесін көрсеткісі келген. Кітапты оқыған балалар ата-ананың қадірін түсініп,бақытты аялауды үйренеді. Үлкендер жас ұрпақтың мейірімге зәру екенін ұғынады. Кітап балалар мен жасөспірімдерге, барша оқырман қауымға арналған.