№48878 Супержады Бұл кітапта автор есте сақтаудың түрлі тәсілдерін үйретеді. Әр тәсілді пысықтайтын жаттығу бар. Сан, сөз, мәтін, телефон нөмір, пароль жаттауды және ұмытпай есте сақтаудың әдістерін айтады. Оқыған кітапты ұмытпау, ойша есеп шығару, байқампаздықты арттыру, шет тілін үйренудің оңай жолын бөліседі. Адам атын, түрін жаттау, интервалды қайталау, өлең жаттау және мнемотехника жайлы мәлімет бар. Миды шынықтыратын жаттығулар, қуаттандыратын өнімдер туралы ақпарат берілген.
Кітап кез келген жастағы оқырманға арналады.