№46718
Сары кітап
Сары - қашанда қайғы, қасірет белгісі. 1931-1931 жылдарындағы жаппай Ашаршылық - қазақ халқының өткен тарихындағы "Ақтабан шұбырындыдан" еселеп асып түсті. Ол - қалай дегенмен де соғыс жағдайы, азаматтың қолында қорғаныс қаруы болды, сол тар заманның өзінде аштықтан, жоқшылықтан өлген төтенше жағдай сирек екен. Ал советтік замандағы, жұртшылықтың бірден-бір күнкөріс көзі - төрт түлік малды түгелдей тартып алып, бүкіл қазақ халқын қатарынан екі-үш жыл бойы жоқшылық құрсауында қалдыру - адамзат тарихында болмаған жаппай Ашаршылыққа ұшырату, нәтижесінде әлденеше миллион адамның жер жастанып, Қазақ Даласының қаңырап қалуы - арнайы, қасақана ұйымдастырылған геноцид екені даусыз. Қолыңыздағы «Сары кітап» - сол бір қасіретті жылдарды басынан өткерген тікелей куәлардың көзкөрген жазбалары. 1989-1994 жылдар орайында республикалық әдеби «Жұлдыз» журналында жарияланған естеліктер енді жинақталып, жалпы жұрт алдына қайыра тартылып отыр. Кітаптың авторлық құқығы - кезінде осы қажетті, ізгілікті шаруаны жүзеге асырған «Жұлдыз» журналының иелігінде. Бұл сөз осы кітапты құрастырушыға да тікелей қатысты.

Беттер саны: 315

5.000₸


Менеджерге жазу