№34832
Найзағайлы асу
«Найзағайлы асу» — ағылшын жазушысы, ақын Эмили Бронтенің әйгілі шығармасы. Қос ғашықтың қайғылы махаббат хикаясы XIX ғасырдағы әлем әдебиетінде ең танымал классикалық туындылардың бірі болды. Бас кейіпкер Хитклифтің кезінде өзін асырап, тәрбиелеген отбасына деген өшпенділігі махаббаттан туындаған зұлымдық сияқты көрінгенмен, кітаптағы оқиғаның бәрі де көреалмаушылыққа, менмендікке негізделген. Йоркширдегі екі отбасы — Эрншо мен Линтондардың және олардың қаскүнем дұшпаны Хитклифтің арасындағы азапты тартысқа толы шығармада парасаттылық пен әділдік жауыздық пен қулыққа, ессіздік пен зұлым күшке қарсы тұрады. Махаббаттың қаншалықты сан қырлы және жан-жақты екенін көрсететін бұл шығарма — балалары ата-анасының тағдырын жалғастырып, қателіктерін қайталайтынын тағы бір нақтылайды.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.


Өлшемдері: 20см x 13см x 2см.
Салмағы: 300 грамм.
Беттер саны: 360

4.500₸


Менеджерге жазу