№16724 Махаббат, қызық мол жылдар Кезінде қалың оқырманның сүйікті шығармасы болған кітап бүгінгі күннің оқырманын да бей-жай қалдырмасы анық. Әзілхан Нұршайықовтың бұл романына «Қызыл көрпе» атты ауызша әңгімесі негіз болған. Кейінірек «Махаббат жыры» повесі аталып, 1964 жылы жеке кітап болып жарық көрген. Ал 1970 жылы баспадан тұңғыш рет «Махаббат, қызық мол жылдар» романы болып шықты.
Оқиға Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі ұрпақтардың жүрегін әлі күнге дейін толқытып келеді. Роман кейіпкерлері – өмірдің қиын жолдарынан өтіп, өздерінің асыл мұраттарына дақ түсірмей, кіршіксіз сақтай білген адал жандар.
Автордың романның қалай жазылғаны жөніндегі әңгімесі кітап соңында берілген.
Өлшемдері: 20см x 13см x 3см. Салмағы: 500 грамм. Беттер саны: 564