№36384
Теміржол бойындағы балалар
«Теміржол бойындағы балалар» романы – балалар жазушысы Эдит Несбиттің 1905 жылы The London Magazine журналында алғаш рет ағылшын тілінде жарық көрген шығармасы. Бұл еңбек 1906 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Кітапта Роберта, Питер және Филлистің әкелері тыңшылық жасады деген жалған айыппен түрмеге қамалған соң, олардың Лондондағы сән-салтанаты келіскен үйлерінен шағын елді мекендегі үйге көшіп баруға мәжбүр болғаны, онда бастан өткізген қызықты оқиғалары баяндалады. Шығарма кез келген жағдайда үміт үзбей, әрқашан жақсылық жасап, адамдарға көмектесу қажеттігіне үндейді. Кітаптың мазмұны жас оқырмандарды қызықтырып қана қоймай, адамгершілік қасиеттерге баулиды. Балалар әдебиетінің інжу-маржаны саналатын «Теміржол бойындағы балалар» романының желісі негізінде бірнеше фильм түсірілген. Туынды қазақ оқырмандарына тұңғыш рет ұсынылып отыр.

Өлшемдері: 22см x 14см x 1см.
Салмағы: 285 грамм.
Беттер саны: 244

4.500₸


Менеджерге жазу