№46281
Тәкаппар ғашықтар
«Тәкаппар ғашықтар» (Pride and Prejudice) — ағылшын жазушысы Джейн Остиннің ең танымал романы. Бұл — ХІХ ғасырдың басындағы әдет-ғұрпы қатал, қыз баланы тезірек тұрмысқа беруді абырой санайтын ағылшын қоғамында өрбитін шынайы ғашықтық хикаясы. Роман ел арасында құрметті, бірақ кедей тұратын, 15 пен 20 жас аралығындағы 5 қызы бар Беннеттер отбасының өміріндегі оқиғаларды және Элизабет Беннет пен Фицуильям Дарсидің арасындағы мөлдір махаббатты баяндайды. «Тәкаппар ғашықтар» кітабы әдепкі махаббат романы емес. Оның ғашықтық тақырыбын көтеретін өзге туындылардан айырмашылығы — ессіз құштарлық көріністерінің, ұзақ та зеріктіретін диалогтардың жоқтығы. Кітаптың баяндау тілі қарапайым, кейіпкерлердің мінез-құлқы тартымды, сондай-ақ жеңіл мысқыл да кездеседі.

Өлшемдері: 22см x 14см x 2см.
Салмағы: 580 грамм.
Беттер саны: 472

6.300₸


Менеджерге жазу