№78156
Матильда
Матилда Уормуүдтің әкесі қызын адамды мезі қылатын қыңқылдақ деп санайды. Анасы болса таң атқаннан кеш батқанша Бинго ойнаудан қолы тимейді. Ал мектеп директоры мисс Транчбұл ше? Одан өткен Зұлым адам жоқ шығар. Оқушылардың бәрін оңбаған санайтын нағыз тиран, балаларды тар қапасқа қамап қорқытады. Матилда – ақылы ерте толысқан, ерекше қабілетті қыз. Ол енді ешкімнен жәбір көргісі келмейді. Шектен шыққан ересектер аяғын аңдап басатын кез келді... Бес жасар ерекше дарынды бала туралы, тағдырдың тәлкегі мен әділетсіз өмірдің қилы тосқауылынан қалай жол тауып өтетіні жәйлы бұл ертегі оқыған кімді болса да қызықтырмай қоймайды. Бұл кітап әдеттегідей жәй ғана оқылмайды, қолыңа алып бастасаң болды кеудеңді кере таза ауа сіміргендей жұтып қоясың. Бала мен ата-ана және ересектер арасындағы қайшылық, текетірес хикаясын өткір мысқыл, әзіл оспақ, шынайы әжуамен автор шебер өрбітеді.


4.500₸


Менеджерге жазу