№84296 Сан Құбыжық «Математиканы иттің етінен жек көрем» дейтін балаларға арналған кітап. «Сан құбыжық» - соңғы 75 жылдағы неміс әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі Һанс Магнус Энценсбергердің 1997 жылы өзінің 11 жасар қызына арнап жазған кітабы. Кітап сол жылғы жас оқырмандар үшін ең жақсы 7 кітаптың біреуі деген марапатқа ие болған. Кітаптың басты кейіпкері - математиканы да, мұғалімі Бокел мырзаны да суқаны сүймейтін Роберттің түсіне бір бармақтай қария құбыжық кіріп, математика жайлы, сан жайлы әңгіме қозғай бастағанда, оны «Математиканы иттің етінен жек көрем» деп қуып жібермекші болған Роберт, кейін оны түсінде көрмесе, «қайда кетті екен?» деп іздейтін күйге түседі. Кітап Роберттің он екі түнде көрген он екі түсінен тұрады. Сол он екі түнде Роберттің математиканың әншейін бас қатыратын есеп қана емес, ғажайып бір әлем, тіпті қаршаған орта, айналаның бәрі математика екеніне көзі жетеді. Енді ол бүкіл сынып басын қатырып шығара алмай жатқан есепті бір демде шығарып, бәрін таңғалдырады.