№51435 Алтын Орда. Ілияс Есенберлин «Алтын Орда» трилогиясы — Ілияс Есенберлиннің ерекше назар аударатын кесек туындысы, тарихымыздың түп негізін әріден көрсететін елеулі шығарма.
Трилогияның бірінші кітабында Алтын Орданың дағдарыс кезеңдері суреттелсе, екінші кітабында Ақ Орда, Алтын Орда төңірегіндегі оқиғалар әңгімеленеді. Моңғол билеушілері қазақ руларын ұлыстарға бөлгеннен кейін, Дәшті Қыпшақта қазақ елі деген жаңа ұғым қалыптасқан. Трилогияның үшінші кітабы Алтын Орда билік еткен өңірдегі қазақ жерінде өткен ең басты оқиғаларды баяндайды: Тоқтамыстың Алтын Орда тағына отыруы, Тоқтамыс пен Ақсақ Темір әскерлерінің айқасы, Едігенің жорықтары сияқты оқиғалар бірінен кейін бірі жалғасып отырады.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.