№41864 Бір атаның балалары Бір ауылдан соғысқа аттанған қырық үш азаматтан екеуі ғана оралады. Оның да біреуі қолдан, екіншісі аяқтан айырылып келген. Соғыстан оралмағандар арасында Ахмет шалдың балалары да бар. Жетпіске тақаған шағында үш ұлынан бірдей айырылып, қайғыдан қан жұтқан ақсақал жетім балалардың арасынан жұрт «жаман неміс» деп жақтырмай тұрған жеті жасар Зигфрид деген баланы бауырына басады. Балаға Зекен деп ат береді. Заты неміс болғаны үшін ғана Зигфрид-Зекеннің көрмеген құқайы жоқ. Бірақ Ахмет ақсақал оған бар мейірімін төкті. Жақсы тәрбие берді. Зекен – мейірімнің ақысы мейірім екенінің дәлелі.