№83313 Қарызсыз қазақ Елімізде бүгін 8 миллионнан астам экономикалық белсенді, яғни жұмысқа жарамды адам бар. Олардың 6 миллионнан астамы борышкер екен. Қазіргі кезде қарызы жоқ отбасы кемде-кем. Қарыз халықтың ұлттық идеясына айналғандай. Егер сіз де осы топта болсаңыз не қарызға жоламауды ойлап жүрсеңіз, бұл кітап сізге арналады. Авторлар мың долларлаған қарыздан құтылу, қарызға кірмеу үшін дұрыс әдеттерді қалыптастыру, қарызға беру үшін қор құру тәрізді өз тәжірибелерімен бөліседі. Сондай-ақ қаржы, бизнес саласындағы мамандардың ақшамен жұмыс істеу туралы кеңестері де сұхбат күйінде ұсынылады.