№18134
Мүмкіндік туғанда қайтемін
«Мүмкіндік туғанда қайтемін?» батыл болуға, қорқып тұрсаң да мүмкіндікті жібермей, бас салып ұстап алуға ынталандырады. Оқиға бір күні мүмкіндікті көрген бала жайлы баяндайды. Ол беймәлім құбылыстан қорқып, оған жоламайды, солайша мүмкіндік кетіп қалады. Тағы біреуі келгенде оны ұстамақ болады, бірақ сүрініп құлап қалып, басқаларға мазақ болдым деп ыңғайсызданады. Осыдан соң ол мүмкіндікті көрсе де көрмегендей болады. Алайда ол тәуекелге бас тікпей мүмкіндіктен айрылып жүргенін түсінеді, үрейден арылып, батыл болғанда өмірінде жақсы өзгеріс болатынын сезеді. Ямада мен Бесомның жүлде алған, New York Times бойынша ең көп сатылған кітабында қорқып тұрсаң да мүмкіндіктен қашпау керегі айтылады. Тартына берсең тамаша мүмкіндіктен қағыласың. Оқырман мүмкіндікті жібермеу арқылы өмірінде жаңа әрі керемет кезең басталуы мүмкін екенін білгенде қанаттанады.

Өлшемдері: 24см x 17см x 1см.
Салмағы: 400 грамм.
Беттер саны: 34

4.500₸


Менеджерге жазу