№57112 Sup Julie Менің атым - Айжұлдыз, қолыңдағы кітап – менің алғашқы еңбегім. Мұндағы жазбалар Алматының екі бөлмелі пәтерінен бастау алып, сені бүгінгі күннің оқиғаларына жетелейді. Мен өзімді әртүрлі образда іздедім. Кино, музыка, дизайн, мода әлемі – бұлардың ешқайсысы мен үшін таңсық емес. Қай салада болсам да, мен ол істі сүйдім, бар күшімді салып жасауға тырыстым. Мен құладым, қателестім, құлатты, бірақ мен қайта тұра алдым.
Айжұлдыз өз кітабында Жанар Айжанованың қызы статусының ауыртпалығын, басынан өткен қиыншылықтарын, отбасылық проблемаларын және басқа да көптеген «қалай» деген сұрақтарға жауап береді. Бұл кітап сені армандар орындалатынына сендіреді. Оқиғалар желісі кітаптың негізгі кейіпкері Айжұлдыз ханымды күрделі кезеңдерге тап қылады. Ол мәселені шеше ала ма, жоқ па, оны кітаптан біле аласың.
Өлшемдері: 21см x 14см x 3см. Салмағы: 400 грамм. Беттер саны: 176