№15825
Өмірдің мәні
Халықаралық кәсіби коуч, жазушы, «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт» бестселлер кітабының авторы Кәмшат Бекжігітованың «Өмірдің мәні» атты кітабы өз тәжірибесінен алынған шындыққа негізделген. Осы өмірге келген әрбір адамның арғы дүниеге кеткенше саналы нәрсемен айналысуына, мақсат қойып, соны орындай білуіне, қоғамға пайдалы, адамгершілік тұрғысынан ақылға қонымды нәрсе жасауына үндейді. Кез келген тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуіне, өзін тәрбиелеу арқылы жеке басына қажетті өзі қалаған қасиеттерін дамытуға болатындығы жайлы ой толғайды. Өзінің жан сырын әлемдік дейгейдегі ғұламалардың сөздерімен сабақтастырып, солардың асыл сөздерін өз ойымен жымдастырып тарқатады. Оқырман кітаптан өзін толғандырған сұрақтардың жауабын таба алатындай етіп түсінікті тілде жазылған. Стилі жатық. Әр бөлімдегі ойы бірімен-бірі тұтасып келіп, «өмірдің мәнін» табу деген арнаға саяды. Автор оқырманына кітаптағы теориялық мәселелерді тәжірибеде қолдануға кеңес беріп отырады. «Ойыңызды өзгертіңіз! Өзіңіз өзгеріңіз!» деген өзінің төл сөзін тағы да қайталайды. Кітап көпшілік қауымға арналған.

Өлшемдері: 21см x 15см x 1см.
Салмағы: 300 грамм.
Беттер саны: 288

4.990₸


Менеджерге жазу