№85943 Өмірде шектеу жоқ Әр адам өміріндегі кез келген істе таңдау жасай алады. Алайда бұ дүние есігін ашпай тұрғанда маңдайына жазылған, таңдау жасай алмайтын екі жағдай орын алады. Оның бірі ата-анасы болса, екіншісі – тағдыры. Осы кітаптың әрі авторы, әрі кейіпкері Ник Вуйчичтің маңдайына ғажап тағдыр, айтулы ата-ана жазылыпты. Өмірге аяқ-қолсыз келген бейкүнә сәбидің тағдырына алаңдаған ата-ананың көңіл күйі және өз өмірі үшін күресе білген ғаламат қажыр-қайрат иесінің сәулелі бақытқа ұмтылған ғұмыры шынайы бейнеленген. Ник Вуйчич – табанды, еңбекқор, ақжарқын жан. Оның өмір жолынан әр адам өзіне қажет сабақ ала алады. Никтің бастан кешкендері мен жеке тәжірибесі еш бүкпесіз баяндалған бұл кітап өз өмірін өзгерткісі келетін жандарға арналған.