№11946 Дайағашшы Ұларбек Нұрғалымұлының бұл кітабы ілгерідегі қазақтарға етене таныс, кейінгілер үшін ұмыт бола бастаған мінездер туралы. Сондай-ақ, қазір мағынасы көмескі тартқан сөздер мен түсініксіздей көрінетін халық әндерінің мәтінін жіліктеп талдайды. Есейіп қалғанша электр жарығын көрмей, қыста қыстауға, жазда жайлауға көшіп жүріп өскен Ұларбектің санасы нағыз көшпенділердікінен алыстай қоймаған, тілі де таза. Ұлттық бағытта жазылған мақалалары газет бетінде де, интернеттен де көп оқылғаны, үлкен жазушылар мен ардагер журналистерден бастап студент жастарға дейін ерекше ықыласпен қабылдағаны содан болса керек. Кітап қазақылыққа ұмтылған барша оқырманға арналады.
Өлшемдері: 20см x 10см x 2см. Салмағы: 295 грамм. Беттер саны: 256